Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам президентін құттықтады

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент жаңадан сайланған Лыонг Кыонгқа жеделхат жолдады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының жаңадан сайланған Президенті Лыонг Кыонгқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Сіздің сайлаудағы жеңісіңізді Вьетнамның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, елдің әл-ауқатын еселеуге және халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған сара саясатыңызға отандастарыңыз көрсеткен қолдаудың айғағы деп білемін. Қазақстан мен Вьетнам арасындағы достық пен өзара сенімге негізделген қарым-қатынасты одан әрі нығайту үшін Сізбен бірге күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Лыонг Кыонгтың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Вьетнам халқына ырыс пен құт-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Жаһандық проблемаларға төтеп беретін шараны бірлесе іздегеніміз жөн – Президент

Новости партнеров