Қазақстан АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті

Бұл туралы Ақ үй төрінде арнайы форматта өткен саммит кезінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті. Бұл туралы Ақ үй төрінде арнайы форматта өткен саммит кезінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Америка басшысы да екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты дамытуды қолдайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Вашингтондағы Саммиттің саяси мазмұны да, мақсаты да әлдеқайда салмақты. Орталық Азиядағы мүдделес, бауырлас бес ел басшылары мен Америка Президентінің Ақ үйде бас қосуын Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи кездесу деп атады.

«Бұл саммит Орталық Азия мен Құрама Штаттар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашады. Қазақстан стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті. Сан қырлы ынтымақтастықты дамытуды ұдайы қолдап келесіз. Мен мұны жоғары бағалаймын. Ақ үйде Президент лауазымын атқарған алғашқы кезеңде біздің қарым-қатынасымыз кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейінде заңнамалық тұрғыдан бекіді» – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Трамп Қазақстанға келуі мүмкін

Новости партнеров