Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған келіссөз жүргізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытқаны үшін Түркия Президентіне алғыс айтып, әріптесі мен барша түрік халқын ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Өз кезегінде Режеп Тайип Ердоған екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдете түсуге ниетті екенін растады.
Мемлекеттер басшылары мәңгі достық пен кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухындағы екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайту перспективасына айрықша назар аударылды.
Сондай-ақ президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
29.10.2026 08:10
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
28.10.2026 11:06
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
28.10.2026 21:47
Қазақстанда «Республика үшін 1000 берік отбасы» акциясы басталды
28.10.2026 08:29