Ресей астанасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапарына дайындалып жатыр
Қаладағы көрікті жерлердің бірі – Останкино телемұнарасы біздің байрақпен безендірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресей астанасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапарына дайындалып жатыр.
Еске салсақ бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады. Мемлекет басшысы Президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді.
Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады.
Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжатқа қол қою жоспарланып отыр.
Оқи отырыңыз: Президенттің Мәскеу сапарында жаңа декларацияға қол қойылады