Мемлекет басшысы Александар Лукашенкомен сөйлесті

akorda.kz
akorda.kz

Тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшылары қазақ-беларусь қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ саяси диалог жоғары деңгейде және сауда-экономикалық, гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтті. 

Тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. 

Қазақстан Президенті Минскіде өтіп жатқан Еуразиялық қауіпсіздік жөніндегі конференцияның маңызына тоқталды.  

Мемлекет  басшылары алдағы бірлескен іс-шаралар аясындағы тығыз ықпалдастықты жалғастыруға уағдаласты. 

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

 

Новости партнеров