Мемлекет басшысы Душанбе қаласына сапармен барды

09.10.2025 15:12

Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына сапармен барды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президентті халықаралық әуежайда Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.

Бүгін Мемлекет басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізеді және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады.

Ертең Қазақстан Президентінің ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысына қатысуы жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк "7-20-25" бағдарламасының шарттарын өзгертті