Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министріне көңіл айтты

17.08.2025 15:18

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанда су тасқыны мен нөсер жауынның салдарынан көптеген адамның қаза тауып, зардап шегуіне байланысты көңіл айтты.

– Қаза болған адамдардың отбасыларына көңіл айтып, қайғысына ортақтасамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта.

Оқи отырыңыз: Пәкістанда нөсер мен су тасқынынан 300-ден астам адам қаза тапты