Пәкістанда нөсер мен су тасқынынан 300-ден астам адам қаза тапты
Видеодан кадр
Тағы да көптеген адам хабар-ошарсыз кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Пәкістанның солтүстік-батысында екі күн бойы толассыз жауған нөсер мен кенеттен болған су тасқыны салдарынан 300-ден астам адам көз жұмды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, қатты жауын шалғайдағы тау аймағы – Хайбер-Пахтунхва провинциясының солтүстік бөлігіне жауған. Найзағайлы нөсер соңы селге, су тасқынына, лай көшкінге ұласып, биылғы муссон маусымындағы ең қайғылы апатқа айналды.
«Провинциялық төтенше жағдайлар басқармасының дерегінше, сенбіге қарай 307 адамның қаза болғаны расталды. Тағы да көптеген адам хабар-ошарсыз кеткендердің тізіміне енгізілді», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Нөсер жауыннан 23 адам қаза тапты
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
27.09.2026 13:00
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
27.09.2026 13:35
Алматыда Sadraddin-нің концертіне көрермендер қалай кіргізіледі
26.09.2026 17:11
Almaty Marathon-да экологиялық аймақ жұмыс істейді
26.09.2026 14:51