Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14.10.2025 14:25

Олар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады

Ақорда

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы қараша айында Ресей Федерациясына жасайтын мемлекеттік сапарына дайындықтың кейбір аспектілері қарастырылды.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы: Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе