Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің елінің өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді осы елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Елдеріміздің арасындағы достық және тату көршілік қатынастардың деңгейі жоғары. Бұл стратегиялық серіктестік және одақтастық рухына толықтай сай келеді", – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің елінің өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Оқи отырыңыз: Алматыда 9-15 маусым аралығында ауа райы қандай болады