Президент Сыртқы істер министріне бірқатар міндет жүктеді

03.10.2024 18:45

Мұрат Нұртілеу Президентке министрліктің атқарып жатқан қызметі туралы мәлімет берді

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қабылдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің атқарып жатқан қызметі туралы мәлімет берілді.

Мұрат Нұртілеу өзі қатысқан Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы 79-сессиясының жұмысы, сондай-ақ Болашақ саммитінің қорытындысы жөнінде баяндады.

"Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, шет мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволарының басшыларымен және халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен келіссөз жүргізгенін айтты", - делінген хабарламада.

Кездесуде Қазақстан Президентінің қатысуымен алдағы уақытта өтетін халықаралық іс-шаралардың кестесі қарастырылды.

Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлігіне ведомство қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар міндет жүктеді.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Германия халқын Бірлік күнімен құттықтады