Қасым-Жомарт Тоқаев Германия халқын Бірлік күнімен құттықтады

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайерге жеделхат жолдады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Германияның Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайер мен барша Германия халқын Бірлік күнімен құттықтады.

"Президент Германия Федеративтік Республикасының өркендей беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Қазақстан мен Германияның дәстүрлі достық пен өзара тиімді серіктестік рухындағы ынтымақтастығы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді", - делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайердің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Германия халқына бақ-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Корея Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Новости партнеров