Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кездесу өткізді

09.10.2025 17:00

Президенттер екі елдің стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады

Ақорда

Мемлекет басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президенттер Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейіл екендерін растады.

Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық жүзеге асырудың маңызына тоқталды.

Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға «Орталық Азия – Ресей» саммитін, сонымен қатар ТМД мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын табысты өткізуге тілектестік білдірді.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Душанбе қаласына сапармен барды