Мемлекет басшысы Бразилия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

07.09.2026 18:32
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силва мен оның отандастарын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Президент Қазақстан Бразилиямен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында екі елдің ынтымақтастығы халықтарымыздың игілігі жолында қарқынды түрде дами түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Бразилия халқына бақ-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Президент Сыртқы істер министрінің алдына бірқатар міндет қойды

Толық көрсету