Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды

22.06.2026 20:20



 

Ақорда

Қазақстан Президентінің келуіне орай Бельгия астанасының әуежайында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Ертең Еуропалық кеңестің штаб-пәтерінде Еуропа Одағының басшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөздер жүргізіледі.

Сапар аясында бірқатар маңызды бірлескен құжатқа қол қойылады. 

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысын қабылдады