Мемлекет басшысы Чили Республикасының жаңадан сайланған президентін құттықтады

16.12.2025 10:10

Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Касттың жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Чили халқына құт-береке тіледі

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Кастты Чили Республикасының президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Қазақстан Президенті жеделхатта Чили елінің алдағы уақытта қарқынды дамуын жалғастырып, халықаралық аренадағы беделі арта түсетініне сенім білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Касттың жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Чили халқына құт-береке тіледі", - делінген ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады