Мемлекет басшысы Оңтүстік Африка Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қасым-Жомарт Тоқаев Сирил Рамафоса мен оның отандастарын Оңтүстік Африка Республикасының ұлттық мейрамы – Бостандық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Президент ОАР Қазақстанның Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында дәстүрлі достық пен түсіністікке негізделген ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сирил Рамафосаның жауапты қызметіне толайым табыс, ал Оңтүстік Африка халқына бақ-береке тіледі.
Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев Король Виллем-Александрды Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтаған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34