Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

21.09.2026 15:50

Қазақстан Президенті Ресей көшбасшысын Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады,  деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беру үдерісі жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, Ресей Парламентінің жаңа құрамы ел мен азаматтардың игілігі жолында жемісті қызмет атқаруына тілектестік білдірді.

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ алдағы бірлескен іс-шаралар мен жоғары деңгейдегі байланыстар кестесін талқылады.

Осыған дейін Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдап, тоғызыншы шақырылымдағы Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтағанын жаздық.

 

Толық көрсету