Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары қандай маңызды құжаттарға қол қойды

Ақорданың баспасөз қызметі
Ақорданың баспасөз қызметі

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінің қорытындысы жасалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президенттер мынадай құжаттарға қол қойды:

1. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемесі;

2. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 2027-2028 жылдар аралығында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қырғыз Республикасының кандидатурасын ұсыну бойынша БҰҰ-ға мүше елдерге үндеуі;

3. Әзербайжанды Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінің толық құқылы қатысушысы деп тану туралы шешім.

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бірлескен мәлімдемесіне сәйкес мынадай құжаттар қабылданды:

1. Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздік, тұрақтылық және орнықты даму тұжырымдамасы;

2. Орталық Азиядағы қауіпсіздік тәуекелдері мен олардың алдын алудың 2026-2028 жылдарға арналған тізбесі.

Оқи отырыңыз: Орталық Азияда өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті күшейтудің мәні зор - Президент

Новости партнеров