«Орталық Азия – Қытай» ІІ саммиті басталды

Астанада Тәуелсіздік сарайында «Орталық Азия – Қытай» ІІ саммиті жұмысын бастады.

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Орталық Азия – Қытай» ІІ саммиті басталды, деп хабарлайды Almaty.tv

Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын қарсы алды.

Мемлекет басшысы екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушыларымен суретке түсті.

Саммитке Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстанның президенттері мен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин қатысады. Жиында Орталық Азия басшылары мен Қытай төрағасы ықпалдастық мәселелерін талқыға салады.

Биыл екінші рет өтейін деп отырған саммитте президенттер аймақтық және халықаралық мәселелер төңірегінде пікір алмасады деп жоспарланған. Сарапшылар Орталық Азия мен Қытай арасындағы өзара байланыс жаңа деңгейге шыққанын айтты. 2023 жылы Сиань кездесуінде сауда, инфрақұрылым, көлік, цифрландыру салалары бойынша маңызды келісімдерге қол қойылып, Сиань декларациясының қабылдануы – соның айғағы.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасымен келіссөз жүргізді

Новости партнеров