Мемлекет басшысының шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид келеді

04.10.2026 10:00
Акорда

5-6 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид мемлекеттік сапармен келеді, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды деп жоспарланып отыр. 

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары қазақ-оман бизнес форумына қатысады.

 

Толық көрсету