Президент АҚШ Мемлекеттік хатшысымен және Дональд Трамп Әкімшілігінің өкілдерімен кездесті

Ақорда
Ақорда

Басқосуға қатысушылар екіжақты және өңірлік күн тәртібінің басты аспектілері жөнінде пікір алмасты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен және Дональд Трамп Әкімшілігінің басқа да өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға сапары Мемлекеттік хатшы Марк Рубиомен, Сауда министрі Говард Латникпен, сондай-ақ АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азиядағы арнайы өкілі Серджио Гормен кездесуден басталды.

Басқосуға қатысушылар екіжақты және өңірлік күн тәртібінің басты аспектілері жөнінде пікір алмасты.

«Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға, өнеркәсіп пен бизнесті қолдауға септігін тигізетін экономикалық ықпалдастық арқылы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға орайлы мүмкіндік туғанын атап өтті», - делінген хабарламада.

Президенттің айтуынша, еліміз АҚШ-пен түрлі деңгейде белсенді саяси байланыс орнатқан әрі сан қырлы ынтымақтастықты тереңдету бойынша конструктивті диалог жүргізуге дайын.

Оқи отырыңыз: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-та оқитын қазақ студенттерімен кездесті

Новости партнеров