Президент алдағы күндері Түрікменстанға барады

10.12.2025 16:23

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 желтоқсан күндері Түрікменстан астанасы Ашхабадқа барады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 желтоқсан күндері Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, сондай-ақ Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына барады»,- делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Президент цифрландырудың кейбір мәселелері туралы Жарлыққа қол қойды