Президент Doha Forum 2024 конференциясына қатысатынын растады

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірімен телефон арқылы сөйлесті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары сауда-экономика және инвестиция салаларындағы қазақ-қатар ынтымақтастығын кеңейту мәселелерін, сондай-ақ жыл басында қол қойылған Ұзақмерзімді стратегиялық әріптестік орнату жөніндегі келісімді жүзеге асыру барысын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстан мен Қатар арасындағы қарым-қатынас нақты стратегиялық және өзара тиімді сипат алғанын атап өтті.

"Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шақырған Doha Forum 2024 конференциясына қатысатынын растады", - делінген хабарламада.

Тараптар екі ел арасындағы тығыз байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.

Оқи отырыңыз: Президент G42 компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Новости партнеров