Қасым-Жомарт Тоқаев транзиттік тасымалдарды дамытуға бағытталған Жарлыққа қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еуразиялық көлік дәліздеріне кіретін автомобиль жолдарымен жүрген кезде көлік құралдарының рұқсат етілетін массалары, осьтік жүктемесі және габариттері туралы келісімді бекіту жөніндегі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған келісім 2024 жылы 13 желтоқсанда Мәскеу қаласында қабылданған болатын. Құжат Одаққа мүше мемлекеттер аумағында көлік құралдарының техникалық параметрлеріне қойылатын талаптарды біріздендіруге бағытталған.
Оны іске асыру халықаралық автотасымалдаушылар үшін тең әрі ашық жағдай қалыптастырады.
Келісімнің негізгі мақсаттары:
Жарлық транзиттік тасымалдарды дамытуға құқықтық негіз қалыптастырып, Қазақстанның өңірдегі маңызды көлік-логистикалық хаб ретіндегі позициясын нығайтады.
Оқи отырыңыз: Агроөнеркәсіп, атом энергетикасы, цифрлық технология: Қазақстан мен Сербия серіктестікті нығайтпақ