Президент Еревандағы «Meridian Expo and Event» орталығына барды

16.10.2026 11:57

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

Мемлекет басшысы Еревандағы «Meridian Expo and Event» орталығына барды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне қатысу үшін Еревандағы «Meridian Expo and Event» орталығына келді", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысын Армения Премьер-министрі Никол Пашинян мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш күтіп алды.

COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне қатысушылар бірге суретке түсті.

Оқи отырыңыз: Халықаралық волонтерлер жылы: Қазақстан бастамасына әлем елдері қолдау білдіріп келеді

Толық көрсету