Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания халқына бақ-береке тіледі
Мемлекет басшысы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің королі ІІІ Чарльздің туған күніне байланысты құттықтау хатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-британ қарым-қатынасының жоғары деңгейде екенін атап өтіп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Президент Корольдің Біріккен Корольдіктің игілігі жолындағы жоғары мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Ұлыбритания халқына бақ-береке тіледі.
Оқи отырыңыз: Алматыда Масанчи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады