Президент ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

06.05.2026 10:57

Хунань өлкесіндегі пиротехникалық зауыттағы жарылыс салдарынан көптеген адам қаза тапты

Ақорда

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қытайдың Хунань өлкесіндегі пиротехникалық зауытта орын алған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазған.

"Президент жақындарынан айырылған отбасыларға сабыр, ал жарақат алған адамдардың сауығып кетуіне тілектестік білдірді", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Әлеуметтік мекемелердегі қауіпсіздік жасанды интеллект арқылы бақыланады