Әлеуметтік мекемелердегі қауіпсіздік жасанды интеллект арқылы бақыланады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Бұл әлеуметтік мекемелер аумағындағы қызмет алушылардың агрессивті мінез-құлығы мен буллингті ерте анықтауға мүмкіндік береді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда интеллектуалды бейнебақылау жүйесін енгізуді көздейтін жобаны әзірледі, деп хабарлайды Almaty.tv

Ведомство мәліметінше, жаңашылдықтың басты мақсаты – стационарлық және жартылай стационарлық ұйымдарда қызмет алатын азаматтардың қауіпсіздігін күшейту. Осы бағытта ведомство «ProtectorAI» жүйесін енгізуді жоспарлауда. Бейнені талдауға арналған интеллектуалды жүйе әлеуметтік мекемелер аумағында қызмет алушыларға қатысты агрессивті мінез-құлықты, буллингті және өзге де қауіп-қатерлерді ерте анықтауға мүмкіндік береді.

Жобаға сәйкес, жаңа үлгідегі бейнебақылау жүйелері ұйым аумағын, негізгі және қосалқы кіреберістерді, ортақ пайдаланылатын бөлмелер мен кабинеттерді, сондай-ақ қойма үй-жайларын міндетті түрде қамтитын болады.

Құжатта әлеуметтік мекемелер қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылған. Ережелерге сәйкес, жақын туыстарының ресми өтініші негізінде оларға бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарау мүмкіндігі беріледі.

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №230 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланып, талқылауға ұсынылды.

Оқи отырыңыз: ІІМ шетелдіктер қатысқан есірткі қылмыстарын әшкереледі

Новости партнеров