Президент Қатар Мемлекетінің әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

18.12.2024 18:44

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар халқына құт-береке тіледі

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни мен оның отандастарын Қатар мемлекетінің Ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Қатар Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді әрі басты серіктестерінің бірі екеніне тоқталып, екі ел арасында сындарлы және мазмұнды қарым-қатынас орнағанын атап өтті. Сондай-ақ дәстүрлі достық пен бауырластық рухындағы берік ынтымақтастық нығая түсіп, қос халықтың игілігі үшін ілгерілей беретініне сенім білдірді", - делінгенн хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Қатар халқына құт-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Ерболат Досаев энергетика саласының қызметкерлеріне құрмет наградаларын табыс етті