Президент күштік құрылымдарға тағайындалған лауазымды тұлғаларды қабылдады

01.11.2024 21:47

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

Мемлекет басшысы күштік құрылымдарға тағайындалған лауазымды тұлғаларды қабылдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанатай Далматовты, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовті және Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеевті қабылдады", - делінген хабарламада.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы тиісті ведомстволардың жауапты қызмет бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

Оқи отырыңыз: Шетелден 30 мың студент келген: Қазақстан академиялық хабқа айнала ма