Президент Люксембург премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Ақорда
Ақорда

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды  Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады.

"Әсіресе, энергетика, қаржы, цифрлық технология, инновация және басқа да салалардағы өзара тиімді кооперация мәселесіне баса мән берілді", - делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люк Фриден Еуропа Одағы аясындағы серіктестік әлеуетін пайдаланудың, сондай-ақ Бенилюкс елдерімен ықпалдастықты күшейтудің маңызына назар аударды.

Оқи отырыңыз: Президент Тілеухан Қабдрахмановты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Новости партнеров