Президент Мажарстан премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады
Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Петер Мадьяр мен оның отандастарын ұлттық мереке – Әулие Иштван күнімен құттықтады.
– Мажарстанның бай мәдени мұрасынан бастау алатын бұл айтулы мейрам ұлт бірлігі мен ынтымағының жарқын белгісі, мажар халқының мақтанышы саналады, – деп жазылған жеделхатта.
Президент қазақ-мажар стратегиялық серіктестігін көптеген бағытта нығайта түсуге әрдайым бейіл екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярдың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас мажар халқына бақ-береке тіледі.
Оқи отырыңыз: Елу жастан асқан 9 мыңнан астам адам жұмысын жалғастыруға мүмкіндік алды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13