Президент «Орталық Азия – Жапония» саммиті алдында ресми қабылдауға қатысты

19.12.2025 16:32

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

Мемлекет басшысы Жапониядағы іссапары барысында Акасака мемлекеттік сарайына барды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Президенті Жапония Премьер-министрінің атынан Орталық Азия елдері басшыларының құрметіне арналған ресми қабылдауға қатысу үшін Акасака мемлекеттік сарайына келді Қасым-Жомарт Тоқаевты Санаэ Такаичи қарсы алды», - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы ертең «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммитіне қатысады.

Оқи отырыңыз: Президент Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын құруды ұсынды