Президент Қырғызстанға ресми сапарын «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешенінен бастады
пресс-служба Акорды
Мемлекет басшысы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталды, - деп хабарлайды Almaty.tv Ақордаға сілтеме жасап.
Мұнда Отанына әр кезеңде қалтқысыз қызмет еткен қырғыз халқының даңқты перзенттері, сталиндік репрессия құрбандары жерленген. Кешенге «Ата бейіт» атауын жазушы Шыңғыс Айтматов ұсынған.
Мемлекет басшысы мемориалдық кешен аумағындағы 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды.
Оқи отырыңыз: Президент Қырғызстанға ресми сапармен барды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
04.10.2026 10:30
Алматыда жыл басынан бері 238 орында 23 сенбілік өтті
03.10.2026 16:00