Қасым-Жомарт Тоқаев достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі
Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиді құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Мемлекет басшысы Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады.
Президент жеделхатында Үндістанның халықаралық қатынастардағы орны елеулі екенін, сондай-ақ үлкен экономикалық жетістікке жетіп, зор ғылыми-техникалық әлеуетке ие болып отырғанын атап өтті.
Сонымен қатар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалап, түрлі салада өзара ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге мол мүмкіндік бар екеніне назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің жауапты қызметіне табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.
Оқи отырыңыз: Өңірлердің мәдени инфрақұрылымы: Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды