Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

28.04.2026 15:04

Ауқымды бастама аясында елорданың жаңа интеллектуалдық инфрақұрылымы қалыптасады

пресс-служба Акорды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцог Alem.ai орталығының қызметімен танысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мұнда таланттарды тауып, оларды даярлаудан бастап ЖИ-шешімдерін әлемге таратуға дейінгі технологиялық дамудың толық циклі жүзеге асырылады. Израиль Президентіне Қазақстанның жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын экономика мен әлеуметтік саланың басты бағыттарына енгізудегі негізгі жетістіктері көрсетілді.
Сонымен қатар мемлекеттер басшыларына Astana Smart City жобасы туралы мәлімет берілді.

Ауқымды бастама аясында елорданың жаңа интеллектуалдық инфрақұрылымы қалыптасады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Израиль Президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді