Қазақстан мен Үндістан ынтымақтастығы: Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модимен кездесті

Ақорда
Ақорда

Мемлекет басшысы екі ел байланысының қарқынды дамып келе жатқанын айтты

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиді БРИКС саммитінің табысты өтуімен құттықтап, халықаралық ауқымдағы іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын жеткізді. Президент әлемдік экономикада көшбасшылардың бірі саналатын Үндістанның ғылыми-техникалық саладағы тамаша жетістіктеріне және халықаралық аренадағы зор беделіне тоқталды.

– Үндістан Сіздің парасатты әрі тегеурінді басшылығыңызбен прогресс пен орнықты даму жолында алға қарай нық қадам басып келеді, – деді Президент.

Мемлекет басшысы қазақ-үнді қарым-қатынасы көптеген бағытта қарқынды ілгерілеп келе жатқанын атап өтті.

– Бүгінде Қазақстанда үнді капиталының үлесі бар 600-дей компания нәтижелі жұмыс істейді. Былтыр елімізге 150 мыңға жуық Үндістан азаматы келді. Қазақстанда көптеген үнді студенттері білім алып жүр. Сондай-ақ біз халықаралық ұйымдар аясында тығыз ықпалдастық орнаттық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы «БРИКС плюс» саммитінде сөз сөйледі