Саммит қорытындысы бойынша 4 маңызды құжатқа қол қойылды

Ақорда
Ақорда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Саммит қорытындысы бойынша 4 маңызды құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. 

Саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. «Халықаралық Аралды құтқару қорына Қазақстан Республикасының төрағалық ету барысы туралы» Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының шешімі;

2. «26 наурызды Арал теңізінің, Әмудария мен Сырдария өзендерінің халықаралық күні деп жариялау жөнінде» Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының шешімі;

3. «Халықаралық Аралды құтқару қорының Президентін сайлау туралы» Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының шешімі;

4. Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының Астана мәлімдемесі.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Орталық Азия елдерін су мәселесінде бірлесіп әрекет етуге шақырды

Новости партнеров