Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
26-27 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекеттер басшылары қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды", - делінген хабарламада.
Саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударылады.
Оқи отырыңыз: Михаил Шайдоровты Астана әуежайында салтанатты түрде қарсы алды