Сеулде Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті

15.09.2026 16:26

Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды

Ақорда

Сеулге мемлекеттік сапармен барған Қазақстан Президентін Корея Республикасы Президентінің резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мёң бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды

Оқи отырыңыз: K-Smart қалашығы мен аэротакси: Alatau City жобасын жүзеге асыруға корейлік серіктестер тартылады

Толық көрсету