Сот жүйесін цифрландыру: Алматыда әкімшілік істердің 90 пайыздан астамы онлайн қаралады

Қазақстандағы әкімшілік сот жүйесінің құрылғанына 5 жыл толды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Қазақстандағы әкімшілік сот жүйесінің құрылғанына 5 жыл толды. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енгеннен бері азаматтар мен кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен туындайтын дауларында құқық қорғаудың тиімді құралына айналған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Осы уақыт аралығында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында 26 мыңнан астам іс қаралған. 2021 жылы сотқа 2392 талап-арыз тіркелсе, былтыр олардың саны 6268-ге жеткен. Бес жыл ішінде сот 7173 шешім шығарып, оның 3701-і талап қоюшылардың пайдасына қабылданған.

Сонымен қатар заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жалпы сомасы 36 миллион теңгеден асатын 499 ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылған. Бұдан бөлек, істердің 99 пайызы бейнебайланыс арқылы онлайн форматта қаралады. Бұл сот процесіне қатысушы тараптар мен судьялар үшін қолайлы көрінеді.

«Әкімшілік сот-әкімшілдік процессуалдық ресми кодексіміз 2021  жылы қабылданды.1 шілдеден бастап қолданыста енді. Бес жылдың ішінде әкімшілік соттардың қаралатын істері жауапкер ретінде мемлекеттік органдар,яғни азаматтар, жеке тұлғалар, бизнестің талап беруші ретінде болады. Онлайн тәртіппен қаралған сотқа қатысушыларға да тиімді деп саналып отыр.Себебі онлайн тәртіп 96% қаралып жатыр. Талап беруші жақта та,  іске қатысатын жақтардың үйде отырып ешқандай қиыншылықсыз іске қатысуға құқығы бар», – деді Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Ұлан Қажыкен.

Оқи отырыңыз: Алматыда жасанды интеллект құрылымдары бар зияткерлік зертханалық кешен іске қосылды