Тәуелсіздік сарайында Кения президентін қарсы алу рәсімі өтті

20.05.2026 12:30

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

Тәуелсіздік сарайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Кения президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды", - делінген хабарламада.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.

Оқи отырыңыз: Елімізде туризмге тартылған инвестиция көлемі 1,2 трлн теңгеден асты