Тоқаев орнықты келешек қалыптастыруда арқа сүйерлік қағидаттарды атады

Ақорда
Ақорда

Саммит барысында Орталық Азиядағы экологиялық ынтымақтастық жөніндегі Астана декларациясы және бірқатар маңызды келісім қабылданады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таразы басында адамзаттың, ең алдымен, өскелең ұрпақтың болашағы тұр. Мемлекет басшысы бұл – жай ғана экологиялық мақсат емес, керісінше, адами парыз, экономикалық қажеттілік, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мақсатындағы стратегиялық басымдық екенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың бааспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы орайда Президент орнықты келешек қалыптастыруда мынадай негізгі қағидаттарға арқа сүйеген жөн екенін айтты:

  • халқымыз бен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік;
  • шекара мен шектеуге бөлінбейтін ынтымақтастық;
  • ресурстарға, технологиялар мен мүмкіндіктерге теңдей қол жеткізетін әділеттілік;
  • нәтижесі көзге көрінетін нақты шаралар;
  • ауқымы мен даму деңгейіне қарамастан елдер арасындағы бірлік.

"Саммит барысында Орталық Азиядағы экологиялық ынтымақтастық жөніндегі Астана декларациясы және бірқатар маңызды келісім қабылданады. Бұл біздің аталған қағидаттарды берік ұстанатынымызды және аймақтық экологиялық серіктестікті нығайтуға қадам басқанымызды дәлелдейді. Бүгінгі талқылаулардың мазмұнды әрі бірлескен нақты бастамаларға негіз болатынына сенімдімін. Осылайша, халықтарымыздың игілігіне қызмет ететін баянды болашақтың іргесін қалаймыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Президент биоалуантүрлілікті сақтау шараларының нәтижесін атады

Новости партнеров