Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалды

06.01.2025 12:40

Дархан Сатыбалды Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарады

primeminister.kz

6 қаңтар елдің саяси аренасындағы жаңа тағайындаулармен басталды. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бұған дейін Түркістан облысының әкімі болған Дархан Сатыбалды қызметінен босады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол ендігіде Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. Ал Дархан Амангелдіұлының орнына Нұралхан Көшеров тағайындалды. Түркістан облысының жаңа басшысы бұған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Оқи отырыңыз: Президент құрылыс индустриясы нысандарымен танысты