Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға келеді

16.10.2025 13:23

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 20-21 қазан күндері Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді», - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізілетіні белгілі болды.

Сонымен қатар президенттер Жоғары мемлекетаралық кеңеске және Қазақстан-Әзербайжан бизнес форумына қатысады.

Оқи отырыңыз: Президент Бектеновке Үкіметтің экономикалық бағдарламасын іске асыруға қатысты тапсырма берді