Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа экономикалық саясаттың басым бағыттарын атады

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жаңа экономикалық саясаттың басым бағыттарын атады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Біздің экономикалық саясатымыздың базалық мақсаты – өзгеріссіз қалады – азаматтарымыздың сапалы әрі инклюзивті тұрмысы қамтамасыз етілуі керек», - деді Президент.

Сондай-ақ, ол баршаға бірдей мүмкіндік жасау жаңа экономикалық саясаттың басым бағыттарының бірі болуы керектігін атап өтті.

«Жаңа экономикалық бағдардың басым бағыты жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру яғни, мемлекеттік капитализм мен мемлекеттің экономикаға шектен тыс килігуінен кету; бәсекелестікті дамытып, баршаға бірдей мүмкіндік жасау және әрине, ұлттық табысты әділетті бөлу болмақ», - деді Мемлекет басшысы.

Новости партнеров