|
18.03.2022 | 11:39
608

Жолдау айтылды, енді оны сәтті жүзеге асыру қажет – Жасұлан Бостандықұлы

Жолдау айтылды, енді оны сәтті жүзеге асыру қажет – Жасұлан Бостандықұлы ҚазАқпаратқа

Президент Жолдауы «Жаңа Қазақстанды» құрудағы ең үлкен бетбұрыс болды. «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Алматы қалалық филиалының жетекшісі Жасұлан Бостандықұлы осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Спикердің айтуынша, Жолдауда тек экономикалық-саяси өзгерістерден бөлек, еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымына да біршама өзгерістер енгізілді.

«Ұлы тұлғаларымыз ұлықталып, тарихи және рухани сана түгенделді. Демократия ұғымы енді ашылғандай болды. Президенттік өкілеттілік қысқарып, Парламентке басымдық беріледі. Бұл дамыған мемлекеттердің тәжірибесі. Депутаттар саны қысқарып, сандық емес, сапалық құрылымға баса мән берілді. Сайлау жүйесіне де біршама өзгерістер енгізіліп, партиялық ұйымдарды тіркеу үдерісі қысқарды», - деді Жасұлан Бостандықұлы.

Сондай-ақ ол «құрылтай» ұғымы қайта жанданатынына пікірін жеткізді.

«Елімізде Ұлттық кеңес орнына Ұлттық құрылтай құрылатын болды. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі қайта қалыптасып, жергілікті мәслихаттардың рөлі күшейеді. Жолдау айтылды, енді оның сәтті жүзеге асуы қажет»,- деді спикер.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир