|
16.03.2022 | 12:05
1938

Ұлттық құрылтай құруды ұсынамын – Президент

Ұлттық құрылтай құруды ұсынамын – Президент

Ұлттық құрылтай құруды ұсынамын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Біз бірліктің бастауы болған дала демократиясының бастауын жалғастыруымыз керек. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз міндетін табысты атқарды. Енді оның орнына құрамы жағынан ауқымды ұлттық құрылтай құруды ұсынамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, жаңа құрылым ұлттық кеңестің қызметін орталық деңгейде жалғастыратын болады.

«Құрылтай - қоғамдық диалогтың біртұтас институционалдық моделін қалыптастыруға тиіс. Сөйтіп билік пен халықтың арасындағы дәнекерге айналатын болады. Қазіргі қоғамдық кеңестің бәрін өз айналасына топтастырады. Ұлттық құрылтайдың құрамында барлық аймақтың өкілдері болады. Сондай-ақ оған Парламенттің бірқатар депутаты, Қазақстан халқы ассамблеясы, азаматтық альянс, қоғамдық кеңес пен ұйымдардың мүшелері, белгілі мемлекет қайраткерлері және тағы басқа кіреді», - дейді ол.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

жолдау
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир