Коронавирусқа қатысы жоқ ауруларға байланысты ахуалды нашарлатып алмауымыз керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Коронавирусқа қатысы жоқ ауруларға байланысты ахуалды нашарлатып алмауымыз керек. Пандемия кезінде жоспарлы скринингтер мен ота жасау кейінге қалып жатыр. Бұрыннан бар стандартты екпелер көптеген балаға салынбай қалды. Әрине, бұған жол беруге болмайды. Медицина саласына қомақты қаржы құю керек. Бұл қаражат инфрақұрылымға, маман даярлауда және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалуы тиіс», – деді Тоқаев.
Айта кетейік, Президенттің Жолдауы барлық республикалық телеарна мен негізгі радиостанциялардан онлайн көрсетіліп жатыр.